17 қаңтар 2022 09:15

Алматы комендатурасы өкілі 17 қаңтардағы жағдай туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері 2 601 адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері 2 601 адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласының комендатурасы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шерулер, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 601 адам ұсталғанын хабарлайды.

Барлығы 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді", - деді ведомство өкілдері.

Өткен тәулікте "102" пультіне 329 хабарлама келіп түскен.

Реклама
Реклама

"Комендатураның колл-орталығына жедел ден қоюды талап еткен азаматтардан 48 дабыл түсті. Барлық хабарлама пысықталды", - деп аяқтады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram