Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды Видео кадрлары

Алматы-Қонаев тасжолында патруль көлігі жол апатына түскен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кадрларда патрульдік көлік оң жақ қатарға ауысып, жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта артқы жағынан көлік соғылады. Жол-көлік оқиғасы жеңіл көліктің камерасына түсіп қалған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты туралы мәлімет берді.

"Аталған жол апаты биыл 26 шілдеде Алматы-Өскемен автожолында сағат 14:00 шамасында болған. Мәліметтер бойынша, "Субару" автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, "Хундай" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Дерек бойынша кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

"Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +26
Ақтау +32
Ақтөбе +31
Атырау +30
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +24
П
Павлодар +27
Петропавл +22
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер