31 тамыз 2023 09:40

Алматы-Қонаев тасжолында полиция көлігінің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды

Видео кадрлары

Алматы-Қонаев тасжолында патруль көлігі жол апатына түскен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қонаев тасжолында патруль көлігі жол апатына түскен сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда патрульдік көлік оң жақ қатарға ауысып, жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта артқы жағынан көлік соғылады. Жол-көлік оқиғасы жеңіл көліктің камерасына түсіп қалған.

Реклама
Реклама

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты туралы мәлімет берді.

"Аталған жол апаты биыл 26 шілдеде Алматы-Өскемен автожолында сағат 14:00 шамасында болған. Мәліметтер бойынша, "Субару" автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, "Хундай" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлікке механикалық зақым келген. Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Дерек бойынша кінәлі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

"Қазір ЖКО-ның барлық мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2023/news_353540/thumb_m/photo_115418.jpeg"
    "title" => "Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyinyin-kay-koshelernde-jol-apatyi-ji-boladyi-353540/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360606/thumb_m/photo_122924.jpeg"
    "title" => "Алматы облысында құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен жылқыны шығарып алды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-oblyisyinda-kutkarushyilar-kudyikka-tusp-ketken-360606/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360581/thumb_m/photo_122898.jpeg"
    "title" => "Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-manyinda-3-jasar-kyizdyin-jogalyip-ketu-zdeu-360581/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360281/thumb_m/photo_122564.jpeg"
    "title" => "Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-almatyi-oblyisyinyin-akmn-kabyildadyi-360281/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360190/thumb_m/photo_122462.jpeg"
    "title" => "Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-oblyisyinda-janturshgerlk-jol-apatyinan-br-360190/amp/"
  ]
]