Алматы көшелері жаңа қағидат бойынша өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелері жаңа қағидат бойынша өзгереді Фото: Алматы әкімдігі

Ерболат Досаев Алматы көшелерін жаңғыртудың жаңа қағидаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев Алматы көшелерін жаңғыртудың жаңа қағидаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда көшелерді жаңғыртудың жаңа қағидаты – "қасбеттен қасбетке дейін" енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет талқыланып жатқан мәслихат сессиясында мәлімдеді.

"Бүгінде әлемнің дамыған мегаполистерінде барлық инфрақұрылымдық қабатты жаңғырту арқылы көшелерді кешенді көріктендіру жұмыстары "қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша жүргізілуде. Біз Алматыда алғаш рет осы халықаралық тәжірибені қолдана бастадық", – деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, "қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша қазіргі уақытта Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі және Пушкин көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін жаңғырту жобалары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети