14 қазан 2021 10:43

Алматы көшелерінде акробат жүргізуші тағы да жұртты таңғалдырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелерінде акробатикалық қабілеті бар жүргізуші тағы да көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы көшелерінде акробатикалық қабілеті бар жүргізуші тағы да көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның "көзсіз ерлігі" туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты.

Полиция қызметкері өзінің Instagram парақшасында видео жариялады. Кадрда түнде Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында бағдаршамның қызылына тоқтаған жігіт түсірілген. Содан кейін көліктен шығып, жолды жаяу жүргінші ретінде бірнеше рет айналып өткен.

"Ол тағы да құқықбұзушылық жасады. Бұл әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 615-бабы "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Әбдірахманов.

Еске салайық, бұған дейін жас жігіт экстремалды трюктер жасап, көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети