28 наурыз 2018 | 15:01

Алматы көшелерінде ерекше эвакуаторлар жұмыс істейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы автопаркі жаңа маневрлі эвакуаторлармен толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  қала әкімдігінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы автопаркі жаңа маневрлі эвакуаторлармен толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  қала әкімдігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қаланың құтқару қызметінің автопаркін толықтырған Ssang Young маркілі жаңа маневрлі эвакуаторларды қарап шықты. Барлығы 10 арнайы машина алынған, бұлар Евро-6 экологиялық сыныпқа сай. Бұрындары Құтқару қызметінің балансында Камаз және Маздарға көлікті толық тиейтін 20 эвакуаторлар болған.

"Арнайы техниканың өзіндік ерекшеліктері бар, олар түрлі бағытқа ыңғайлы, жанар майды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында жұмыс істей береді. Эвакуатор 90 градустық бұрышта көлік тиейді және оған небәрі 2 минут кетеді", - дейді әкімдік өкілдері. 

Бұл арнайы техника аулаларда өрт болғанда көлікті эвакуциялау уақытын қысқартуға, апатты көліктерді магистральді көшелерден , қар тазарту кезінде қалған автомобильдерді тез арада алып кетуге, тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. ІІД-нің ӘПБ-мен бірге жедел- профилактикалық шараларды барынша тығыз байланыста жүргізеді. Өткен жылы қала бюджеті есебінен ІІД үшін 34 эвакуатор алынғаны аталып өтілді

Айта кетейік, жаңа эвакуаторлар түсірілген видео мұның алдында әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети