Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 маусымда сағат 08.00 бен кешкі сағат 19.00 аралығында ескі тасжол жабынын алу үшін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс бөлігіндегі көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жаңа жабынды төсеу үшін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігі 6 маусымда сағат 22.00 мен 07.00 аралығында ішінара, ал 7 маусымда сағат 22.00 мен 8 маусымда сағат 06.00 аралығында толық жабылады.
Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғаны айтылды. Әкімдік өкілдері қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!