Алматыда Журавлев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Журавлев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 қыркүйекте сағат 06:00 бастап, 30 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Журавлев көшесінің бойымен Серкебаев даңғылынан бастап Сеченов көшесіне дейін автокөліктердің қозғалысы шектеледі. Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
"Уақытша шектеулер жүргін бөліктің астымен өткен, 1980 жылдан бері пайдалануға енгізілген, жалпы ұзақтығы 673 метрді құрайтын құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Жаңғыртуды жүргізу кезеңінің ішінде аталған тұтынушыларға ыстық су жеткізу сақталады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!