Алматы көшелерінің бірі қыркүйектің ортасына дейін жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көшелерінің бірі қыркүйектің ортасына дейін жабылады Фото: depositphotos.com

Алматыда 12 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Бостандық ауданындағы Байқадамов көшесі бойынша Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.

Қозғалыс екі бағытқа да жабылады. 1984 жылдан бастап пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы 1220 метр құбырды қайта жаңарту аумағында жоспарлы жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл құбыр 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған аумақтағы тұтынушыларға реконструкция кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды.

"Уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети