Алматы "қызыл" аймаққа жақындады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы "қызыл" аймаққа жақындады Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ВМК мәліметінше, Алматы "сары" аймақта, алайда "қызыл" аймаққа жақын қалған.

2022 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • "Сары" аймақта: Алматы қаласы.
  • "Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 454 жағдай тіркелгені хабарланған болатын. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 200, Шымкент қаласында – 23, Ақмола облысында – 7, Алматы облысында - 30, Атырау облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында - 17, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 3, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Түркістан облысында - 3. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети