Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін - Тоқаев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан.

Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп - тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы.

Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети