Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды Фото: e-auction.e-qazyna.kz

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

e-qazyna.kz сайты мәліметінше, бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге. Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу қажет болған.

Сауда қорытындысы бойынша, сатып алушы ұшақ сынығын 1 416 200 теңгеге алған. АН-26 ұшағының сынығын сатып алушының аты-жөні белгісіз.

Аукционда сатушы ретінде "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан. Ал нысанның баланс иесі "ҰҚК Авиациялық қызметінің" Авиация басқармасы болған.

Сатып алушы барлық шығынды өзі көтеруі тиіс, оның ішінде тиеу, өлшеу, сұрыптау, кесу және металл сынықтарын шығару шығындары бар. Шығару мерзімі – сатушы рұқсат берген сәттен бастап 30 жұмыс күні.

Фото e-qazyna.kz

Ұшақ сынығы Алматы облысы, Боралдай ауылында тұр. Құжаттарға сәйкес, сатылған ұшақ 1978 жылы шығарылған, оның салмағы – 14,6 тонна.

Еске салсақ, 2021 жылғы 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта алты адам болған. Апат салдарынан төрт әскери қызметкер – Досжан Баймұратов, Евгений Васильков, Мұхтар Сағынбаев және Ғабит Барлықбаев қаза тапты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети