Алматы маңында ашулы тұрғындар Талғар тасжолын жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында ашулы тұрғындар Талғар тасжолын жауып тастады Видеодан алынған кадр

Алматы маңында тұрғын үй кешенінің тұрғындары "Алматы-Талғар" автожолын жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында тұрғын үй кешенінің тұрғындары "Алматы-Талғар" автожолын жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 11 шілдеде Алматы облысы Бесағаш кентінің аумағында болған. "Нұрия" тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны судың жоқтығынан "Алматы-Талғар" автожолын жауып тастады. Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды.

Видеодан тұрғындардың қандай да бір ведомство өкілімен эмоционалды түрде сөйлесіп жатқанын көруге болады. Соңғы сөйлеген адам ауыз судың болмауы құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылуынан дейді. Тұрғындарға апат салдары жойылып, жақын арада пәтерлерге су берілетіні айтылды. 

Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысы Бесағаш кентінде сағат шамамен 22:58-де болған. Алматы-Талғар автожолын 80-ге жуық адам жауып тастады.

"Тұрғында ауыз судың жоқтығына наразы болды. Жергілікті атқарушы органдар жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жеткен Талғар АІІБ патрульдік полиция қызметкерлері жиналған адамдардан үйіне тарап, қозғалысқа кедергі келтірмеуін сұрады. Осыдан кейін тұрғындар қайтты, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети