Алматыдан 29 шақырым жерде жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыдан 29 шақырым жерде жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазанда 12:14-те жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 29 шақырым жерде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында, Каскелен қаласынан 15-20 шақырым жерде болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 8,2. Магнитудасы - MPV 3,6.
Алматы облыстық ТЖ департаменті әкімдікті, полиция департаментін, прокуратураны және басқа да мекемелерді ескертті. Ғимараттар бүліну дерегі жоқ, адамдар зардап шекпеген.