Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары тура бір айдан бері жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары тура бір айдан бері жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі мәліметінше, іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызуға тура келген. Алайда ол жерден ешқандай із табылмады.

"Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін төмендетілді, алайда табылдмады. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті жақын маңдағы Күш ауылындағы жақын Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл іздестіру жұмыстары да оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылмады", - деді аудан әкімдігі өкілі.

Үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені хабарланды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети