Алматы маңында КамАЗ тіркемесі бірнеше адамның өмірін қиды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында КамАЗ тіркемесі бірнеше адамның өмірін қиды видео кадры

28 мамырда Алматы – Бішкек тасжолының 44-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, адам өліміне әкелді. Апатқа себеп болған – жүк көлігі тіркемесінің ажырап кетуі. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны КамАЗ маркалы жүк көлігін басқарып келе жатқанда тіркеме ажырап кеткен.

"Бақылаудан шыққан тіркеме қарсы жолаққа шығып кетіп, Geely көлігімен соқтығысқан, ал Geely көлігі инерциямен KIA Sportage автокөлігіне соғылған. Ауыр апат салдарынан оқиға орнында төр адам, оның ішінде Geely жүргізушісі қаза тапты", – делінген полиция мәлімдемесінде.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети