Алматы маңындағы ауданда ТЖ жариялануы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы облысының Іле ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Іле ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешім жобасы 27 тамыз қарсаңында "Ашық НҚА" сайтында онлайн талқылау үшін жарияланды. Бүгін аудан әкімдігі Tengrinews.kz тілшісіне жағдайдың егжей-тегжейін түсіндірді.

Құжатта Өтеген батыр ауылында Батталханов көшесінің бойында орналасқан ғимараттың астындағы жер асты суларының көтерілуіне байланысты кәріз және су құбырлары бұзылды деп хабарланды.

"Әкімшілік ғимараттың жертөлесінде өтетін кәріз құбыры мен су құбырының бұзылуына әкелген жер асты суларының көтерілуі нәтижесінде сумен жабдықтауда іркілістер және кәріз желісінің жұмысын тоқтата тұру пайда болды. Бұл жағдайлар жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарының күнделікті өміріне және әкімшілік ғимараттардың жұмысына теріс әсер етеді. Осы оқиғаға байланысты туындаған проблемаларды жою бойынша қажетті шараларды анықтау және салдарын бағалау үшін комиссиялық тексеру жүргізілді", - деп хабарлады Іле ауданының әкімдігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауапта.

Сондай-ақ, кеше, 27 тамызда "Ашық НҚА" сайтында әкімнің шешімі жарияланды, құжатта Геология және гидрогеология ұйымдары ғимаратқа толық техникалық тексеру жүргізетіні жазылған. Олар проблемалы ғимаратпен не істеу керегін анықтайды.

Жарияланған құжаттарда Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Құрманғалиев төтенше жағдайды жоюға басшылық ететіні айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro