Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жансақтауда жатқан үндістандық студент қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жансақтауда жатқан үндістандық студент қаза тапты видео кадры

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алған студент ауруханада қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстандағы Үндістаннің елшілігі Facebook парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алған студент ауруханада қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстандағы Үндістаннің елшілігі Facebook парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жол апатынан Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі және тағы екі үндістандық студент қаза тапқан болатын. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған еді.

Ресми мәлімет бойынша, қайғылы жағдай салдарынан 2026 жылы 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан Рахул Ядав (13 наурыз 2001 жылы туған) бүгін таңертең қайтыс болған.

"Оның мәйітін тасымалдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жургізіліп жатыр. Осы апатта қаза тапқан тағы екі үндістандық студент - Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері бугін Үндістанға жөнелтілді", - делінген хабарламада.

Мән-жайы

Еске салайық, Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиғаның 6 қаңтарда болғанын хабарлаған еді. Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері, ал біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.

Полиция мәліметінше, Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети