25 мамыр 2023 18:13

Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған жүргізушінің кім екені белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының полицейлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысының полицейлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушы 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Оның әрекетінде жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу қарастырылған.

"Видеодағы BMW көлігінің иесі 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Жүргізушінің іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 386-бабында көзделген "жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бұзушылық көрінеді.

Белгілі болғандай, ер адам қазір іссапарда. Елге оралған соң ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Іс ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети