Алматы маңындағы ірі өрттің жай-жапсары белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Алматы маңында полиэтилен бұйымдар қоймасы өртенді. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында полиэтилен бұйымдар қоймасы өртенді. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың айтуынша, қойма бүгін таңертең өртке оранған.

"Іле ауданындағы Первомай өнеркәсіптік аймағында алдын ала алаңы 3600 шаршы метр болатын қойма ішіндегі полиэтилен өнімдері қоймасында өрт шыққаны хабарланды.

Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері дереу жіберілді. Боралдай кентінің жақын жердегі ӨСБ-9 өрт сөндіру бөлімшесінен арақашықтығы 15 километр болады. Облыс орталығынан қашықтық - 87 шақырым. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен өртке оранған. Қосымша шақыру орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жіберілді", - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт туралы кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты шарпыды, деп қосты баспасөз қызметі.

Өрт таңғы сағат 9:12-де ауыздықталды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ.

"Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оны жоюға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер мен 14 техника және Алматы қалалық ТЖД-дан 22 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды", - делінген ТЖД мәліметінде.

Құтқарушылар электр аспаптары мен жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro