Алматы маңындағы тауларға селден қорғауға арналған 4 бөгет салу жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазселденқорау" ММ Алматы аймақтық эксплуатациялық-техникалық басқармасының басшысы Ринат Әміржанов мәлімдеді.

"Жаңадан 4 бөгет салу керек. Кіші Алматыдағы "Мыңжылқы" бөгетін ұзартуға қаржы бөлінді. Үлкен Алматы мен Аюсай аңғарында да сыйымдылығы бір жарым миллион текше метр болатын бөгет салу жоспарланды. Ақсайға да бөгет салуды жоспарлап отырмыз, онда әлі күнге дейін бөгет жоқ", - деді Ринат Әміржанов.
Болжам бойынша, құрылысты жүргізуге кем дегенде 250 миллион теңге жұмсалады. Әміржановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.
Айта кетейік, Іле Алатауы тауларында 134 өзен бар, олардың 41-і Алматыға жақын маңда орналасқан.