26 қыркүйек 2020 15:59

Алматы маңындағы ɵзен ашық қызыл түске боялды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қаскелең қаласында қызыл түске боялған өзен видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Қаскелең қаласында қызыл түске боялған өзен видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны оқырмандар редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 жіберді. Кадрларда мөлдір, бірақ ашық қызыл түсті өзен көрінеді.

"Қанға өте ұқсайды", - деген болжам жасады оқырман.

Қарасай ауданының әкімдігі мәліметті растады.

"Қала тұрғынының хабары бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына шықты. Олар жақын маңдағы ауданды қарап шығып, жеке үйлердің бірінде мал союмен айналысқан тұрғындарды тапты. Олар қалған қанды өзенге құя салған. Судың қызыл түске боялуы басқа құрылыс материалдары мен химиялық элементтерден емес, қанға байланысты. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол берілмеуі үшін анықталған үйдің тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта өзендегі судың сапасы қалыпқа келді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети