29 сәуір 2014 12:28

Алматы марафоны: жиналған қаражат "ДОМ" қорына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматы марафонынан түскен 10 млн теңгені ұйымдастырушылар "ДОМ" қорына табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаражат кішкентай сәбилер - Дарина Лик пен Артем Кузнецовтың емделуіне жұмсалады.


Алматы марафонынан түскен 10 млн теңгені ұйымдастырушылар "ДОМ" қорына табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаражат кішкентай сәбилер - Дарина Лик пен Артем Кузнецовтың емделуіне жұмсалады.

Жиналған қаражат сомасы көрсетілген ваучер қор директоры Татьяна Семеноваға берілді, ол қайырымдылық марафонын ұйымдастырушыларға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, науқас балалардың жағдайы туралы әңгімелеп берді. "Артемнің көз торында қатерлі ісік бар, ал Дарина ми ісігіне шалдыққан. Қазір екі бала да Оңтүстік Кореяда, олардың емделуіне бұл қаражат, әрине жеткіліксіз, дегенмен, 10 млн теңге шығынның көп бөлігін жабады. Артемнің ата-анасы квотаға өтініш берді, бірақ әзірше жауап жоқ", - дейді Семенова.

Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева келер жылы бұл шараға 15 мың адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Еске салайық, ІІІ Алматы марафоны 20 сәуірде өткен болатын. Оған 10 мың адам қатысты. Желаяқтар ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан Орталық стадионға дейін жүгіріп шықты.

Мәреде барлық сайыскерлерге медальдер мен жейделер табыс етілді. Жарыс жолының әр қашықтығында жедел жәрдем дәрігерлері мен еріктілер кезекшілік атқарды. Еріктілер марафонға қатысушы спортшыларға ауызсу мен банан үлестіріп тұрды. Марафонның нәтижесін шараның ресми сайтынан көруге болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети