Алматы мәслихатының депутаты Дмитрий Петрухин Ресейде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы мәслихатының депутаты Дмитрий Петрухин Ресейде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Есін біледі, қаралып жатыр", - деп хабарлады Черногор ауданаралық №1 ауруханасының өкілдері.
Кейін ҚР СІМ өкілдері байкер-депутаттың жергілікті уақыт бойынша 12.30-да ауруханаға орта деңгейде жарақатпен түскенін хабарлады. Мойын және кеуде тұсына жарақат алған.
Дмитрий Петрухин Facebook желісінде Ресейге сапарынан сурет жариялаған болатын. Соңғы жазбасы 11 тамызда шыққан еді.
Дмитрий Петрухин 1991 жылдан бері Қазақстандағы авто-мото мәдениетті жаңғыртып келеді. 2001 жылдан бері Қазақстанның Байкерлер ассоциациясының президенті. Жыл сайын Балқаш көлінде "Жастар есірткіге қарсы" - "Балқашты құтқарайық" ұранымен байк-фестивальдер өткізеді.