Алматы мәйітханасындағы жантүршігерлік оқиға: күзетшіге қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мәйітханасындағы жантүршігерлік оқиға: күзетшіге қатысты үкім шықты Фото:depositphotos.com

Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған іс бойынша сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған іс бойынша сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Сонымен қатар, ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау", – делінген судья шешімінде.

2024 жылғы сәуірде Алматыдағы мәйітханада некрофилия дерегі белгілі болды. Мәйітхананың күзетшісі ұсталды. Кейін жаңа мәліметтер анықталды: некрофилияға күдікті қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбаған екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети