Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Универсиада кезінде қосымша каникул болатындықтан, сабақтар кестесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Білім беру ұйымдары бағдарламаны толық игеру үшін өзгерістер енгізеді. (...) Қосымша сабақтар болады. Мектеп директорлары сабақтар кестесіне қосымша сабақтар енгізу бойынша тапсырма береді", - деді Алматы қалалық білім басқармасының басшысының орынбасары Ләззат Жылқайдарова баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол мектеп оқушылары Универсиадаға бару-бармауды өз еркімен шешетінін айтты.
Ал осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі алматылық оқушыларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланатынын хабарлаған еді.