Алматы мектептерінің бірінде 1 "Ю" сыныбы ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы мектептердің бірінде жаңа оқу жылында 1 "Ю" сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы мектептердің бірінде жаңа оқу жылында 1 "Ю" сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

"Ю" сыныбы № 157 жалпы білім беретін мектепте пайда болды. Ол Наурызбай ауданында орналасқан. Биылғы оқу жылында онда бірінші сыныпқа 714 бала қабылданды. Оқушылар 28 сыныпқа бөлінді. 

"Мектептегі мұндай жағдай жаңа шағынаудандардың салынуына байланысты, оның ішінде Alma City, Шұғыла және басқасы бар. Мектеп 1540 балаға есептелген. Жалпы, бұл жерде 1-ден 11-сыныпқа дейінгі 4862 оқушы бар. Олар 185 сыныпқа бөлінген", - деді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, мектепте ата-аналардың өтініші бойынша 1118 оқушы онлайн оқуға көшкені хабарланды. Сондықтан осы оқу орнында офлайн форматта 177 сынып болады. Олар екі ауысымға бөлінеді: 88 - бірінші, 89 - екінші. Ол үшін мектепте 95 кабинет бар.

Бұған дейін жаңа оқу жылында Алматы бойынша 1-сыныпқа 30 мыңнан аса бала барғаны хабарланған еді. Биыл 1 қыркүйекте қаланың барлық мектебінде "Алғашқы қоңырау" ұйымдастырылды. Алайда оларға тек бірінші сынып оқушылары қатысты.

Еске салайық, Ақмола облысының Қосшы қаласында жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының саны 2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. № 2 орта мектепте 1 "Ы" сыныбы ашылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro