Алматы мектептерінің бірінде ата-аналарға хабарландыру ілінген. Онда қалада педофилдер бандасы пайда болды делінген.
Алматы мектептерінің бірінде ата-аналарға хабарландыру ілінген. Онда қалада педофилдер бандасы пайда болды делінген.
Хабарландыруда педофил делінген адамдардың суреттері мен мәтін бар.
"Ескерту!!! Балаларыңызды, іні-қарындастарыңызды көрші үйдің балаларын ескертіңіздер! Бүгінде педофилдердің жаңа бандасы пайда болды делінген мәлімет бар. Олар ұсталмауы үшін қалаларға көшіп жүреді! Былай әрекет етеді: аулаларда көлікпен баяу жүріп, терезеден қасақана күшік немесе мысық түсіп кетеді. Сөйтіп, олар қашып кеткен жануарды ұстап беруін балаларден сұрайды! Балаларыңызға ескертіңіздер! Ешқашан көмектеспесін, дереу 102-ге хабарлассын! Бұл хабарды достарыңыз бен таныстарыңызға таратыңыздар. Репост жасайық, достар, себебі бұл туралы барынша көп адам білсін (...)", - делінген хабарландыруда.
Соған қарағанда, бұл әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаның скриншоты.
Ал өз кезегінде Алматы қалалық ІІД бұл хабарландыруды тексеріп, Алматыда мұндай банданың жоқ екенін мәлімдеді.