15 тамыз 2021 | 13:28

Алматы мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет Алматы мен он өңірде алдағы күндерге ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет Алматы мен он өңірде алдағы күндерге ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 15-16 тамызда қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады.

14-16 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Талдықорғанда 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

15-17 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. 16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

14-16 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. 14-16 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Таразда 5 тамызда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 14-16 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 15-17 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14-15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15 тамызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда 14 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

14-16 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл болады, екіпіні секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қауіпі бар. 

15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық сақталады. Күндіз 18-20 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус аптап болады.

14-15 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети