Алматы мен Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер демалыс және дүйсенбі күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер демалыс және дүйсенбі күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

15 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.

17 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей уақытта нөсер болады. Найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

15 маусымда оңтүстік астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан күші 3-8 жел соғады, жел екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.

16 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.

17 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course up  579.41  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети