Алматы мен Астанада жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанада жаңбыр жауады Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

7 сәуір – ауа райы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнгі ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

8 сәуір – бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

9 сәуір – бұлтты, түнде жаңбыр. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Түнгі температура +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.

Алматыдағы ауа райы болжамы

7 сәуір – бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.

8 сәуір – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 12 м/с. Түнгі температура +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.

9 сәуір – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 12 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети