Бүгін, 9 мамырда Астана мен Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 9 мамырда Астана мен Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салюттің биіктігі 400 метр болады. Салют 76 миллиметрлік ЗИС-3 зеңбірегінен атылады. Бұл зеңбірек Т-34 танкі мен "Катюша" сияқты Ұлы Жеңістің белгісі. Салют ЛУР-10 қондырғысынан атылатын мерекелік әсем отшашуға жалғасады. Артиллерия зеңбіректерінен 23 оқ атылады (бір мезетте 6 оқтан).
Астанада салютті Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалауға болады. Осы уақытта Алматыдағы Сайран автовокзалының маңында да дәл осындай салют атылады.
Айта кетейік, артиллериялық салют - құрмет көрсету немесе тағзым етудің салтанатты үлгісі. Мұндай салют мемлекеттік мереке күндері және айтулы оқиғалар құрметіне ұйымдастырылады.