09 мамыр 2015 20:39

Алматы мен Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған отшашу болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі @ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 9 мамырда Астана мен Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін, 9 мамырда Астана мен Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салюттің биіктігі 400 метр болады. Салют 76 миллиметрлік ЗИС-3 зеңбірегінен атылады. Бұл зеңбірек Т-34 танкі мен "Катюша" сияқты Ұлы Жеңістің белгісі. Салют ЛУР-10 қондырғысынан атылатын мерекелік әсем отшашуға жалғасады. Артиллерия зеңбіректерінен 23 оқ атылады (бір мезетте 6 оқтан).

Астанада салютті Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалауға болады. Осы уақытта Алматыдағы Сайран автовокзалының маңында да дәл осындай салют атылады.

Айта кетейік, артиллериялық салют - құрмет көрсету немесе тағзым етудің салтанатты үлгісі. Мұндай салют мемлекеттік мереке күндері және айтулы оқиғалар құрметіне ұйымдастырылады.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети