Алматы мен Астанада 2013-2015 жылдары болған жол-көлік оқиғаларының 56 пайызы полицейлердің қатысуынсыз "шешілді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сақтандыру компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап. Жүргізушілер шығынның көлемін оқиға орнында өздігімен белгілеген. Ал кінәлі тарап ереже бойынша, шығынның көлемін өтейді.

Сақтандыру компаниясындағылардың айтуынша, мұның барлығы Алматы мен Астанада болған жол апаттарынан көліктер қатты зақымданбаған кездерде болады - көпшілігінде бамперлер мен жарық түсіргіш жабдықтар сынады. Сонымен қатар, жол апаттарының жалпы санының 34 пайызында істің сақтандыру төлеміне дейін жететіні белгілі болды. Ал 10 пайызында жүргізушілер сотқа жүгінеді.
Сонымен қатар, сақтандыру компаниясындағылар Алматы мен Астанада жол апатына түскендердің арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасына кінәлі тараптың полиция шақырмауға көбірек ниеттенетіні анықталды. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың 19 пайызы өздерінің немесе туыстарының жол апатына кінәлі болғандарын айтты. Олардың 63 пайызы полиция мен сақтандыру компаниясының апаттық комиссарларын шақырмаған, олар оқиға орнында шығынның көлемін анықтап, жағдайды сол жерде реттеген және олардың көпшілігінде көліктерге аса қатты зақым келмеген. Оның себебі ретінде сауалнамаға қатысушылар күтуге кететін ұзақ уақытты атады. Осыған байланысты сақтандыру компаниясындағылар Қазақстанда еурохаттама енгізуді ұсынды, яғни ол - жол апаты кезінде реттеу жұмыстарын жеңілдететін жүйе.