Астана мен Алматыдан ұшып шығатын және ұшып келетін ондаған рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана мен Алматыдан ұшып шығатын және ұшып келетін ондаған рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әуежайында ұшып шығатын 14 және ұшып келетін алты рейс кешіктірілді. Әуежай мәліметтері бойынша, Қызылордаға, Лондонға, Алматыға, Абу-Даби мен Франкфуртқа ұшуы тиіс болған рейстердің уақыты 20 минуттан екі сағатқа дейін кешіктірілді, ал ұшып келуі тиіс рейстер 20 минуттан екі сағат 15 минутқа дейін кешігіп жатыр, олар: Қызылордадан (2 рейс), Алматыдан (2 рейс), Өскеменнен (2 рейс). Сонымен қатар екі рейс кейінге қалды, олар: Франкфурт пен Вена. Астана әуежайында рейстер борттың кешігіп келуіне байланысты ұшу уақытынан кешігіп жатыр, Қызылордаға ұшып баратын және ұшып шығатын рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешікті.
Алматыға ұшып келуі тиіс 12 рейс кешікті. Қарағандыдан ұшып келуі тиіс рейс - бір тәулікке, Новосібірден - 20 сағатқа, Қостанайдан - 20 сағатқа, сонымен қатар Шымкент, Тегеран, Өскемен, Куала-Лумпур, Астана мен Көкшетаудан ұшып келуі тиіс рейстер жарты сағаттан екі сағатқа дейін кешігіп жатыр.
Алматыдан Қостанайға ұшып баратын рейс 20 сағатқа, Новосібір бағытындағы рейс 19 сағатқа, Мәскеуге - екі сағатқа, Қызылордаға - төрт сағатқа, Тегеранға - 1 сағат 40 минутқа, Өскеменге - үш сағатқа кейінге қалды. Ал Дубай мен Үрімжіге дейінгі рейстер тоқтатылды. Алматыдағы рейстердің кейінге қалуына ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Толығырақ мына жерден білуге болады.