Алматы мен Астанада пәтерді жалға алу құны өзгерді ме?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазнет қолданушылары Алматы мен Астанада пәтерді жалға алу бағасы өзгергенін айтып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы бұл ақпаратты тексеруді жөн көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазнет қолданушылары Алматы мен Астанада пәтерді жалға алу бағасы өзгергенін айтып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы бұл ақпаратты тексеруді жөн көрді.

Әлеуметтік желілерде Ресейдегі ішінара мобилизация фонында азаматтар елден жаппай кетіп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Олардың көпшілігі шекаралас елдерге, соның ішінде Қазақстанға қоныс аударып жатқаны айтылды. Осыған байланысты кейбір пәтер иелері жалға беру ақысын қымбаттатып жатыр, дейді Қазнет қолданушылары.

Qumash Telegram-арнасында танымал қазақстандық сайттардың бірінің хабарландыруының скриншоты жарияланды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Алматының Бостандық ауданындағы бір бөлмелі пәтер иесі айына 800 000 теңге сұраған.

"Пәтер иесіне хабарластық. Бұл коммуналдық төлемді қоспағандағы баға екен", - деп жазады топ авторлары.

@thisisalanskiy атты Twitter қолданушысы жалға берілетін пәтерлердің бірінің иесі жіберген хабарламаны көрсетті. Хабарламада "көрші елдегі мобилизацияға байланысты" пәтер ақысын айына 450 000 теңгеге дейін көтеруге мәжбүр екені айтылған.

Сурет: twitter.com/thisisalanskiy

Бұл ретте Krisha.kz хабарландырулар сайтында Төле би мен Сейфуллин көшелері қиылысындағы екі бөлмелі пәтерлерді жалға алу құны 260 мыңнан 450 мың теңгеге дейін жетеді.

Krisha.kz баспасөз қызметі 21-22 қыркүйек аралығындағы жағдай сарапталғанын хабарлады. "Осы кезеңде хабарландыруларда бағаны жаппай өзгерту байқалмағаны" атап өтілді.

"Керісінше, бұрынғы бір ай ішіндегіге қарағанда өзгерістер аз болды. Қазіргі уақытта пәтер жалдау ақысының орташа құны туралы ақпарат мынадай:

  • Алматы - шаршы метріне 5172 теңге;
  • Астана - шаршы метріне 3500 теңге;
  • Шымкент - шаршы метрі 2273 теңге.

Қыркүйектің басына қатысты орташа баға Алматыда 0,6 пайызға өсіп, Астанада бір пайызға төмендеді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer