06 қаңтар 2017 | 14:57

Алматы мен Астанада уақытша тіркелу үшін ХҚКО-ларға келушілердің саны артып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы мен Астана қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің саны артып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Бостандық пен Әуезов аудандарындағы орталықтарға, сондай-ақ Астанадағы Сарыарқа ауданының қызмет көрсету орталығына барып қайтты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы мен Астана қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің саны артып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Бостандық пен Әуезов аудандарындағы орталықтарға, сондай-ақ Астанадағы Сарыарқа ауданының қызмет көрсету орталығына барып қайтты.

Келушілердің басым бөлігі мекенжай анықтамасын беретін терминалға кезекте тұр. Сондай-ақ, қызмет түрлеріне түбіртек беретін анықтамалықтың жанында да кезек байқалады.

Алматыдағы Бостандық ауданындағы ХҚКО

Қызмет көрсету орталығына келушілердің кейбіреулері полицейлер айыппұл салуы мүмкін деп қауіптеніп, уақытша тіркеуге тұрмақшы екен. Оларға уақытша тіркеуге тұру үшін арнайы бланк беріледі. "Сол бір тіркеуге тұру үшін кезекте тұрмыз, уақытша ма, жоқ па. Кассаға 200 теңгедей төледік. Сосын анықтаманы алдық. Бұл жай сенің бандит емес екендігі көрсететін тіркеу", - деді келушілердің бірі.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіндегілер тұрғындарды тіркеу мәселесімен көші-қон қызметінің айналысып жатқанын түсіндірді. "Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты мәселемен ХҚКО-да жұмыс істеп жүрген көші-қон полициясының қызметкерлері айналысып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, алматылық ХҚКО-лардың қызметкерлі мұндай ұзын-сонар кезекті әдеттегі мерекелерден кейін болатын жағдай екенін айтып өтті. Олардың айтуынша, мұнда тұрған ештеңе де жоқ.

Медеу ауданындағы ХҚКО-да да адамдардың кезекте тұрғанын көруге болады. Олардың көбісі мекенжай анықтамасын беретін терминалды күтіп тұр.

Астанадағы Сарыарқа аудандық ХҚКО-да бірнеше адам кезекте тұр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берген болатын. Ведомство мәліметінше, тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети