Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді

Алматылықтар жарық сөнгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар жарық сөнгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары электр энергиясының өшкені туралы шағымдануда. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады.

Алматы қаласында жарық жартылай өшіп қалды. Мысалы, "Қазақфильм", "Ақсай" шағынаудандарында және Жандосов көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысындағы үйлерде жарық өшпеген.

Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.

Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары да жарық өшкенін айтты.

Алматы әкімдігі өкілі жағдайдың себебі анықталып жатқанын айтты.

БАҚ мәліметінше, Қырғызстанда да электр қуаты өшіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети