Көлік прокурорлары автомобильдерді әкелудің "теріс схемаларын" анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Көлік прокурорлары автомобильдерді әкелудің "теріс схемаларын" анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
2023 жылдың басынан Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды.
"Бұл процедураны қайда және қандай құжаттармен өткізуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі Нұсқаулық бірнеше рет көпшілікке жеткізілді. Алымның бір реттік мөлшерлемесі 200 мың теңге көлемінде айқындалды.
Алайда, көлік прокурорлары анықтағандай, қаскүнемдер бұл жағдайды Алматы қаласында, БҚО және ШҚО-да пайдаланды. Мемлекетке келтірілген алдын ала залал 400 млн теңгеден астам", - делінген хабарламада.
Басқа аймақтарда тексеру жалғасып жатқаны айтылды.
Мәселен, биыл 13 сәуірде осындай жосықсыз азаматтардың бірі жалған құжаттарды, оның ішінде Қырғыз Республикасында көлік құралын тіркеу туралы 2021 жылғы куәлікті және сатып алу-сату шартын ұсына отырып, Toyota Highlander маркалы шетелден әкелінген машинаны қазақстандық есепке тіркеген.
"Олардың нақтылығына прокурорлар американдық сайттармен мәліметтерді салыстыру арқылы көзжеткізді, бұл аталған көліктің 2022 жылдың 12 қазанында Copart аукционында сатылғанын және 2023 жылдың сәуірінде елге әкелінгенін көрсетті.
Осы мән-жайларды жария етудің негізгі шарттары мен мерзімдері туралы біле отырып, жеке тұлғалардың 2 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік төлемдерді төлеуден жалтарған белгілерінің бар екендігін тікелей көрсетеді".
Тек Алматы қаласы бойынша 160 ұқсас факт анықталған.
"Көлік прокурорлары мемлекетке келтірілген залалды өтеу және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қойылып қадағалау актісі енгізілді.
Сонымен бірге, жиналған материалдар ҚР ҚК 195 және 361-баптары бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!