ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2020 | 09:45
Алматы мен Түркістан облыстарының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы маңында су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы маңында су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
9-11 мамыр аралығында Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы маңында жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Айта кетейік, мұның алдында метеоқызмет өкілдері еліміздің сегіз аймағына ескерту жариялаған.
9 мамырда Атырау облысында жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. БҚО-да күн күркіреп, бұршақ жауады.
Маңғыстау және Қарағанды облыстарында да күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман. Қарағанды және Жезқазғанда бүгін желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Түркістан облысы мен Шымкентте нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл соғып, бұршақ жауады, секундына 15-20 метрден соғатын жел екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін.
Ақмола облысы мен СҚО да секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні кей жерлерде секундына 15-20, күндіз 23 метрге дейін жетеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также