Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға тыйым салынады

Мейірман Лес
Мейірман Лес Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға тыйым салынады Фото: prolamp.kz

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енгені себепті жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енгені себепті жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енді. Осыған байланысты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады. Аталған қаулы биыл 13 наурыздан бастап күшіне енеді. Шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты болып отыр. Атап айтқанда, ғибадат нысандары ғимаратында әлеуметтік қашықтықты, санитария нормаларын және маска режимін қатаң сақтап, тек жеке құлшылық рәсімдерін өткізуге рұқсат етіледі. Шектеуге байланысты жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді", - деді Алматы дін істері бойынша басқармасы басшысының орынбасары.

Ерғали Көшек құлшылық орындарына маскасыз келген азаматтар кіргізілмейтінін және келушілердің температурасы өлшенетінін айтты.

Еске салайық, кеше, 10 наурызда Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланған еді. Қаулыға сәйкес, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети