Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Біздің мақсатымыз - мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылдан бастап платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың қай уақытта келетіні көрсетілетін ақпараттық дисплейлер пайда болады", - деп хабарлады "Метрополитен" компаниясының баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, 24 қазанда Алматы метросына сегіз пойызды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғаны айтылады. Айтуларынша, 32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы пойыз жеткізіледі.