"Алматы бас жоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов Алматы метрополитенін дамыту жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, қолданыстағы метро желісін "Барлық" станциясына дейін ұзарту және кейін оны Алматы-1 вокзалымен қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бойынша өткен қоғамдық тыңдаулар барысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, метрополитенді дамыту жобасына бірқатар түзету енгізілген. Атап айтқанда, метро желісі тек қала аумағында ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы аймақтарды да қамтитын болады.
"Бұл – соңғы өзгерістер. Қызыл сызық – қолданыстағы желі, ол "Барлық" станциясына дейін жетеді. Одан әрі қызыл желіні дамытуды көздеп отырмыз, себебі ол Райымбек даңғылының төменгі бөлігіндегі көлік-ауысу торабына дейін барады. Біз оны Алматы-1 вокзалымен қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – көлік хабтарын өзара байланыстыратын классикалық шешім. Яғни "Барлық" вокзалмен жалғанады", – деп түсіндірді спикер тілшімізге берген сұхбатында.
Скриншот: gov.kz сайтындағы бас жоспардан
Спикердің айтуынша, бұдан кейін желіні солтүстік бағытта ұзарту және оны жаңа жасыл желімен біріктіру жоспарланып отыр.
"Біз Алатаудан Алматыға жылдам қатынауды қамтамасыз еткіміз келеді", – деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!