Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық сотының залынан. Істі судья Фарух Омаров қарап жатыр.
Алматы метросының бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық сотының залынан. Істі судья Фарух Омаров қарап жатыр.
Өкшебаевтан өзге тағы екі адам сотталатын болады - Константин Антипов, Павлодар облысының тумасы, "СредАзЭнергоСервис" ЖШС басшысы және Ербол Қалдыбаев, олар метроның экс-директорының көмекшілері болған. Судья қорғаушылардың бірінің болмауына байланысты сот отырысын келесі аптаға қалдырды. Айта кетейік, сот отырысы аптасына үш реттен болады.
Өкшебаевқа "Сеніп тасырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті" деген айып тағылған. Бұған дейін Алматы метросының экс-директоры Өкшебаевтың ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін ол ақша жымқырды деген күдікпен 2 айға қамалды.
Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.