Алматы метрополитенінің жаңадан тағайындалған директоры Айдын Оразханов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы метрополитенінің жаңадан тағайындалған директоры Айдын Оразханов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалақым аз емес деп ойлаймын. Қазір менің айлық жалақым - 495 мың теңге. 2014-2016 жылдары метро басқарған кезде 385 мың теңге алдым... Біз шахтада жұмыс істемейміз ғой. Жалпы, метрополитен қызметкерлері орташа есеппен 150 мың теңге алады, бізде жалақы қорын мәслихат бекітеді", - деп түсіндірді ол Tengrinews.kz тілшісіне.
Сондай-ақ, Оразханов екі жаңа станцияның құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ол станцияларды жыл соңына қарай Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына орай іске қосу жоспарланып отыр.
Еске салайық, 2 қазанда Айдын Оразханов 4 жылдан соң осы қызметке қайта тағайындалған еді. Алайда осыдан бірнеше күн бұрын Алматы метросы директорына тағы да ұжымдық шағым түсіп жатқаны белгілі болды. Метрополитен қызметкерлерінің айтуынша, Айдын Оразханов қоластындағылармен дөрекі сөйлесіп, оларды жаппай жұмыстан босатып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!