Жұмысшылар Алматы метросының "Мәскеу" станциясында сол жақ туннельді жалғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар "Сайран" станциясынан жердің астымен 825 метр жүріп шықты. Алматы метросының құрылысшылары екі станциядан тұратын бірінші іске қосу кешенінің ұзындығы 2,7 шақырым екенін айтты. Тереңдігі - 17 метр.

Құрылыс екі станцияда ашық әдіспен жүріп жатыр. Қазаншұңқырларда негізгі берік темірбетон құрастырмаларды салу аяқталды. Қазір станциялардың іші әрленіп, инженерлік желілер мен сәулет интерьері салынып жатыр. "Адамдар 1 желтоқсанда мінетін болады", - деп уәде берді "Метропроект" жобалау институтының директоры Мұратбек Көлбаев.
Ол метроның жаңа станцияларының ерекшеліктерін түсіндірді. "Платформаның орталық бөлігінде лифт бар, онымен мүгедек адам касса залынан төмен түсе алады. "Мәскеу" станциясы интерьерінің дизайны Кремль қабырғалары тәрізді жасалған. Мұнда қызыл түс басым. Әрлеу-безендіру материалдары - қазақстандық өндірістен: гранит, мәрмәр, травертин", - деді ол. "Сайран" станциясының қабырғалары түрлі-түсті безендіріледі. Жаяулар өткелінде санитарлық тораптар болады, олар тұрғындардың өтініші бойынша салынып жатыр.
2016 жылға қарай метрода жолаушылар ағыны 22-25 мыңнан 60-70 мыңға дейін үш есе өсуі тиіс. Екі жаңа станция іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 20%-ға өсуі керек. "Бұл көп емес. Метроның жолаушылар тасымалдау мүмкіндігі - 150-180 мың адам", - дейді Көлбаев. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы метросының екі жаңа станциясының 2014 жылдың соңына дейін салынып бітетінін хабарлаған еді.