08 қыркүйек 2014 | 13:34

Алматы метросының жаңа станциялары 2015 жылы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы метросының жаңа станцияларын іске қосу 2015 жылдың басына ауыстырылады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Алматыметроқұрылыс" АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы метросының жаңа станцияларын іске қосу 2015 жылдың басына ауыстырылады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Алматыметроқұрылыс" АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова айтты.

"Құрылыс жұмыстары жылдың соңында аяқталады, содан кейін құрылыс нысаны қабылдау және тапсыру жөніндегі рәсімдерден өтуі тиіс. Содан кейін құрылысшылар электр пойыздарды, жаңа станциялар мен жолдарды сынап көреді. Пойыздарды жүргізіп көру рәсімі тек қана түнгі мезгілде - жолаушылар жоқ кезде жүргізіледі", - деді Ешмағамбетова, оның айтуынша, жаңа станциялар 2015 жылдың басында пайдалануға беріледі.  

Ол жаңа станциялардың ашылу уақытының не себепті кейінге қалдырылғанын айтты. "Алматы метросының келешек станцияларының орнындағы тұрғын үйлерді сатып алу мен сүру көп уақыт алды, себебі үй қожайындары өз баспаналарын мемлекет ұсынған бағаға сатқысы келмеді. Кейбір қожайындар мен олардың мұрагерлерін іздестіруге де уақыт кетті", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алматы метросының "Сайран" және "Мәскеу" станцияларының 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылатынын хабарлаған еді. 

"Сайран" станциясы Абай даңғылының Брусиловский және Тілендиев көшелерімен қиылысатын аралығында болады. "Мәскеу" Абай даңғылының Тілендиев және Алтынсарин көшелерімен қиылысатын аралығында орналасқан. Алматы метросының өзі 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылған болатын. Алғашқы желінің алғашқы кезегі жеті станциядан тұрады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети