10 сәуір 2015 | 12:45

Алматы метросының жаңа станциялары ашылатын күн белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматы метросының екі жаңа станциясы 18 сәуірде ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы метросының екі жаңа станциясы 18 сәуірде ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап.

"Сайран" станциясы Абай даңғылының Брусиловский және Тілендиев көшелерімен қиылысатын аралығында болады. "Мәскеу" Абай даңғылының Тілендиев және Алтынсарин көшелерімен қиылысатын аралығында орналасқан. "18 сәуірде жаңа станциялардың ашылуы болады - ол "Сайран" және "Мәскеу". Олар қаланың шет аудандарына шығатындықтан, жолаушылар легі артады деп күтіп отырмыз", - деді Ильин. Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы метросы күніне 24 мың жолаушыны тасымалдайды. Сонымен қатар, ол тұрғындарға жайлылық жасау үшін метроны қаланың бүкіл қоғамдық көлігімен байланыстырудың жоспарда бар екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін шенеуніктер станциялардың 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылатынын хабарлаған еді, алайда құрылысшылар бұл уақыттың ішінде аятап үлгермеді. Кейін Алматы метросының жаңа станцияларының 2015 жылдың көктемінде ашылатыны хабарланды. Жүргізіп жаттықтыру мен тестілеу аяқталды. 

Айта кетейік, егер 2012 жылы бір тәулікте 15-16 мың жолаушы болса, биыл бұл көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін көбейді. "Сайран" және "Мәскеу" аталатын жаңа станциялар іске қосылғаннан кейін жолаушылар ағыны екі есеге ұлғаймақ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети