16 наурыз 2015 | 17:55

Алматы метросының келесі бекеттері "Сарыарқа" мен "Достық" болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алдағы уақытта Алматы метрополитенінде Family Park ауданында орналасатын "Сарыарқа" бекеті және Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінің батысын қамтитын "Достық" бекеті болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл екі бекетті жалғау метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің құрылысын бастаған кезде жүзеге асады. Ал әзірше өткен жылдың соңында ашылуы тиіс болған "Мәскеу" мен "Сайран" бекеттері пайдалануға берілер алдында тексеріліп жатыр.

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 16 наурызда Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитеннің "Мәскеу" және "Сайран" атты екі жаңа бекетіне инспекторлық тексеру жүргізді. Әкім оларды пайдалануға беру дайындығының жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Қазіргі кезде бұларда барлық тестілік тексерулер мен өзге де сараптамалық жұмыстар аяқталып қалды, қызметкерлер штаты анықталды.

"Мегаполис басшысы жолаушылардың қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаңа бекеттердің барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды. Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарының нәтижесін бақылау қажет екенін айтты", - делінген хабарламада.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, жаңадан салынған "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері іске қосылса, жолаушылардың қатары екі есеге артуы мүмкін. Себебі алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазір олардың саны 24 мыңға жеткен. Өткен жылдың аяғында 20 миллион жолаушы тасымалданыпты.

Айта кетейік, қазіргі кезде Алматы жерасты көлігінің ұзындығы 8,56 шақырым, "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері іске қосылса оның ұзындығы тағы да 2,74 шақырымға артады.

"Сайран" бекеті Абай даңғылы бойында Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан. Ұңғылау тереңдігі - 18 метр. Платформа ұзындығы - 74, биіктігі - 11,5, ені - 22,5 метр. "Мәскеу" станциясы Абай даңғылы бойында Өтеген батыр мен Алтынсарин көшесінің арасында орналасқан. Платформа ұзындығы - 74, биіктігі - 11,5, ені - 23,5 метр. Әр станцияда 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейтін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети