Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді © almatymetro.kz

Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы жобасы таныстырылды. Бюджеттен 8 миллиардтан аса теңге Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыруға бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында тоғыз бекет пен болашақта ашылатын "Сарыарқа" және "Достық" станциялары үшін 8 электрпойызды сатып алуға аванс ретінде бюджеттен қаражат бөлуге жоба ұсынылды. Оған 8,1 миллиард теңге бағытталуы тиіс", - деді қаржы министрі. 

"Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік-техникалық департаментің мәліметінше, "Сарыарқа" және "Достық" станцияларының құрылысына жалпы есеппен 67 миллиардтан аса теңге кетеді екен. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети